27 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

«Қазгидромет» РМК мамандары 27 қазанда еліміздің ірі қалаларындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астанада бұлт ауыспалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде –3…–5°С, күндіз +4…+6°С шамасында болады.

Алматыда жылы әрі құрғақ ауа райы сақталады. Бұлт ауыспалы, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнгі температура +8…+10°С, күндіз +18…+20°С аралығында.

Шымкентте бұлт ауыспалы, түнде жаңбыр жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +23…+25°С болады.

Синоптиктердің айтуынша, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жылы күзгі ауа райы сақталса, солтүстік және орталық өңірлерде түндері айтарлықтай салқындай түседі.