Астанада 600 мың теңгелік торт дауы бойынша атышулы іс аяқталуға жақын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі істің шешімі ертең, 29 қазанда жарияланатынын мәлімдеді. Сот отырысы күннің бірінші жартысында өтеді деп күтіліп отыр.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, дау 2025 жылдың тамызында басталған. Сол кезде алматылық кондитер Нұршат Ақбергенова блогер Әселина Батырдың тапсырысы бойынша 18 келілік торт әзірлеп, оның құнын 600 мың теңге деп бағалағанын айтқан. Оның сөзінше, ол бар болғаны 100 мың теңге алдын ала төлем алған, ал торт құрамына қолданылған заттардың өзіндік құны шамамен 440 мың теңге болған.
Ulysmedia бас редакторы Самал Ибраева кондитер Нұршат Ақбергеновамен кездесіп, атышулы «көрпе-торттың» тарихын және кондитер еңбегінің сырт көзге жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде оңай емес екенін талқылаған.