Трамптың арнайы өкілі мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Алматыға келді

Сырым Қаржас
Фото: Ақорда

АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Серджио Гор мен мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сапар бағдарламасына Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған бірқатар кездесу, сондай-ақ халықаралық және өңірлік өзекті мәселелерді талқылау енгізілген.

Алматыда америкалық делегация өкілдері қазақстандық кәсіпкерлермен және елде жұмыс істейтін америкалық компаниялардың басшыларымен кездесті. Бұдан бөлек, қонақтар Қазіргі заман өнері мұражайына, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына және «Медеу» жоғары таулы мұз айдынына барды.

Америкалық делегацияны Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай ертіп жүрді.