"Лукойлдың" жаңа басшысын Қазақстанмен не байланыстырады?

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

"Лукойлдың" шетелдегі активтерінің иесі енді миллиардер Геннадий Тимченко негізін қалаған Gunvor тобы болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Gunvor компаниясы LUKOIL International GmbH-ді сатып алады. РБК-ның хабарлауынша, ресейлік мұнай алыбы өзге әлеуетті сатып алушылармен келіссөз жүргізбеуге келіскен. Сауда мәмілесі АҚШ Қаржы министрлігінің лицензиясы аясында жүзеге асып жатыр. Forbes дерегінше, жалпы құны $10 миллиардқа бағаланған активтер 50–70% жеңілдікпен сатылуы мүмкін.

Анықтама үшін

Gunvor компаниясы 1997 жылы Геннадий Тимченко мен Турбьёрн Тёрнквист тарапынан құрылған. 2000 жылдан бері мұнай және энергия саудасымен айналысып, әлемдегі ең ірі энергетикалық трейдерлердің біріне айналды. Компанияның штаб-пәтері Кипрде тіркелген.

Қазақстан және басқа елдердегі қатысуы

Gunvor компаниясының кеңселері Швейцарияда, Сингапурда, Дубайда және Багам аралдарында бар. Сонымен қатар оның өкілдіктері Қазақстанда, Колумбияда, Аргентинада, Нигерияда, Қытайда, Үндістанда және Ресейде жұмыс істейді.

"Лукойлдың" шетелдік активтеріне әлемнің 19 еліндегі жанармай құю бекеттер желісі, Еуропадағы үш мұнай өңдеу зауыты (екеуі – Болгария мен Румынияда, ал 45% үлесі – Нидерландыдағы зауытта), сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжандағы өндіру кәсіпорындары кіреді.