Оралда әкімдік алдында аштық жариялаған белсендіні полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
«Уральская неделя» басылымының жазуынша, 62 жастағы белсенді Бекболат Өтебаев 29 қазанда қала әкімдігі алдында наразылық акциясын бастаған. Ол әкімдік алдына «Аштық. Бейбіт жиын өткізу құқығын талап етеміз» деген жазуы бар плакат ұстап тұрған.
Белсендінің өзі түсірген видеода оған бірнеше полиция қызметкері келгені көрінеді. Өтебаев оларға әкімдікке аштық жариялайтынын ескерткенін айтады.
«Мен 13 қазанда Орал қаласының әкімдігін 29 қазаннан бастап аштық жариялайтынымды ескерткенмін», – дейді.
Өтебаевтың сөзінше, ол әкімдікке қымбатшылыққа қарсы митинг өткізетінін айтып, төрт рет өтініш берген. Алайда әкімдік барлығында да рұқсат бермеген.