Алдағы күндері елдің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады

Сырым Қаржас
ЖИ / ulysmedia.kz

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алдағы күндері республика аумағы Атлант мұхитынан келетін циклонның ықпалында болады. Ол елдің басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен қар) мен желдің күшеюіне себеп болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, ал солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын болады. Тек республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

ҚАР

Оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қатты жауын-шашын (жаңбырдың қарға ауысуы) күтіледі, ал республиканың солтүстік бөлігінде кей жерлерде күшті қар жауады.

ТЕМПЕРАТУРА

Ауа температурасының күндізгі уақытта күрт төмендеуі болжанады: солтүстік пен орталықта –2…–10°С, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +2…+7°С шамасында болады.