Еуропалық комиссия ЕО-ға үміткер елдердің ілгерілеуі туралы жаңа есеп жариялап, Украина Одаққа кіру үшін қажетті реформаларда алға жылжығанын атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz BBC-ге сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Құжатта Ресеймен соғыс жалғасып жатқанына қарамастан, Киев Еуропамен интеграция бағытын сақтап отыр, скрининг кезеңін аяқтап, негізгі бағыттар бойынша ілгеріледі. Украина әділет саласы, мемлекеттік басқару, демократиялық институттардың жұмысы және ұлттық азшылықтардың құқықтарын қорғау салаларында реформалар жоспарын қабылдағаны көрсетілген.
Комиссияның бағалауынша, ел келіссөздердің алты тақырыптық блогының үшеуін ашуға қажетті шарттарды орындаған. Қалған үшеуін Киев жыл соңына дейін орындауы тиіс.
Украина ЕО-ға мүшелік жөніндегі келіссөздерді 2028 жылдың соңына дейін аяқтауды көздеп отыр. ЕО бұл мақсатты қолдауға дайын екенін мәлімдеді, бірақ белгіленген мерзімге үлгеру үшін Киев реформаларды, әсіресе заң үстемдігі саласындағы өзгерістерді, одан әрі жеделдетуі қажет екенін атап өтті.