Қазақстанда көз ауруларын емдеуге арналған зейнетақы төлемдеріне сұраныс күрт көбейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазан айында офтальмологиялық қызмет алу үшін 15,4 мың өтініш мақұлданған. Бұл көрсеткіш қыркүйектегіден 10 есе, ал қаңтар–тамыз айларындағы орташа деңгейден 73 есе көп.
Ай сайынғы төлем көлемі 13,3 миллиард теңгеге жеткен. Бұл да қыркүйекпен салыстырғанда 9 есе, ал жылдың алғашқы сегіз айындағы орташа көрсеткіштен 83 есе жоғары. Мұндай деректерді Data Hub порталы БЖЗҚ есептеріне сүйене отырып келтірді.
САЛЫСТЫРУ
1 қыркүйекке дейін көз ауруларын емдеуге арналған өтініштердің жалпы саны бар болғаны 15,5 мың болған, ал төлем сомасы 8,8 миллиард теңге шамасында еді. Яғни, бір айдың өзінде бұрынғының бәрін қуып жетті.
ТҰРҒЫН ҮЙ
Зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану да көбейіп отыр. Қазан айында орындалған өтініштер саны 138,4 мыңға жетіп, 7%-ға артқан, ал жалпы төлем сомасы 79,9 миллиард теңгеге өсіп, 9%-ға ұлғайған.