Марат Әйтенов пен Дана Әтешова мүлік бойынша келісімге келді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Марат Әйтенов пен Дана Әтешова мүлік бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Дана Әтешованың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

- Медиациялық келісім сотпен бекітілді. Екі тарап та келісімге риза. Алайда алимент мәселесі бойынша ортақ шешімге келмеді, – дейді Дана. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, былтыр қарашада жеке сот орындаушысы Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтың ағасы Марат Әйтеновтың алимент бойынша қарызына байланысты қымбат көлігін тәркілеген болатын. 

ӘЙТЕНОВ-ӘТЕШОВА ДАУЫ

2023 жылдан бері БАҚ беттерінде Әйтенов-Әтешова оқиғасы қызу талқыланды. Мұның бәрі Қазақстанның беделді азаматының бұрынғы әйелі Жоғарғы сот маңындағы пикетке шыққан кезде басталды. Ол Есіл аудандық соты балаларының әкесін заң бойынша алимент төлеуге міндеттемегенін баяндаған. Дана Әтешова мұндай шешімге бұрынғы күйеуінің Шымкенттің бұрынғы әкімімен қарым-қатынасы себеп болғанын айтты.