Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

Сырым Қаржас
Қазақстан футбол федерациясы

Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-лигасы ойыншыларының нарықтық құнын жаңартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бағалау нәтижесі бойынша елдегі ең қымбат футболшы — алматылық «Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев болды. Оның құны 3 миллион еуро деп белгіленген.

Өткен маусымда Сәтпаевтың бағасы 1,2 миллион еуроға өскен, бұл оған қазақстандық ойыншылар арасындағы рейтингте бірінші орын алуға мүмкіндік берді.

Жас шабуылшы Ресей чемпионатында ойнайтын отандастарын басып озды:

  • Бахтиер Зайнутдинов – 2,8 млн еуро;
  • Нұралы Әліп – 2,5 млн еуро;
  • Максим Самородов – 2,5 млн еуро.

Ал үздік бестікке қостанайлық «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков (1,2 млн еуро) еніп отыр. 

АНЫҚТАМА

Дастан Сәтпаев – 2008 жылы 12 тамызда Алматыда туған қазақстандық футболшы. Ол «Қайрат» клубында шабуылшы позициясында ойнайды және Қазақстан құрамасына шақырылған.