Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев пен тағы бес фигурантқа сот үкімі шықты.
Сот үкімімен Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталды.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін прокурор Хасан Қасымбаевты 15 жылға соттауды сұраған болатын.
«Хутор» бандасының серкесі делінген Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа 4 тамызда түсті.
Полиция дерегінше, Хасан Қасымбаевтың үстінен «адам ұрлау», «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» және «бопсалау» баптары бойынша іс қозғалған.