Түркіменстан азаматтары тек ақ түсті маска тағуға міндеттелді

Ulysmedia

Түркіменстанның Ашғабад қаласында, Лебап және Балкан облыстарында азаматтарға ақ түсті маска ғана тағып жүру міндеттелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Фото: ашық дереккөзден

Түркімен билігі әлі күнге дейін елде коронавирус жоқ деген пікірден тайынған емес.

Лебап облысының әкімшілік орталығы Түркіменабадта шенеуніктер мен оқушылар ақ түсті маска тағып жүруге міндеттелген. 6-18 ақпанда тексеру жүргізіліп, қара түсті маска таққан мұғалімдерге сөгіс жарияланады.

Бұл талап Балкан облысы Түркіменбашы қаласындағы мектеп және балабақшаға де енгізілген.

Ашғабадта былтыр желтоқсан айынан бастап МАИ қызметкерлері жүргізушілерді тоқтатып, ақ түсті маска тағып жүруді талап ете бастаған.

2021 жылы Түркіменстанда мемлекеттік мекемелердің көліктері ақ түсті болуы керек деген жаңа ереже енгізілген.