Каспий жағасында 200-ге итбалықтың өлексесі табылды

Сырым Қаржас
5-tv.ru

Маңғыстауда итбалықтардың жаппай қырылуына қатысты тексеру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Маңғыстау облысының жағалауынан 3–8 қараша аралығында 183 өлі итбалық табылған, деп жазады lada.kz. Алғашқы 112 өлі жануар Форт-Шевченко мен Баутино маңынан анықталса, кейінірек Құлаалы аралында тағы 71 итбалықтың өлексесі табылған.

ЗЕРТТЕУ

Экологтардың мәліметінше, оқиға орнынан алынған су үлгілерінен ластаушы заттар анықталмаған. Қырылудың нақты себебі әлі белгісіз. Мониторинг жұмыстары Гидробиология және экология институтымен, сондай-ақ балық инспекциясымен бірлесіп жалғасады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бір апта бұрын Маңғыстау облысында жүздеген итбалық өлексесі табылған еді.