Балқаш әуежайын реконструкциялауға 945 млн теңге бөлінді

Сырым Қаржас
Үкіметтің баспасөз қызметі

Балқаш әуежайын реконструкциялауға қайтарылған активтер есебінен 945 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, нысанды реконструкциялау жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға және әуе айлағының негізгі параметрлерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Оның өткізу қабілеті 30%-дан астамға артады.

– Қазіргі уақытта жұмыстардың едәуір көлемі орындалған. Атап айтқанда, әуежайдың негізгі ғимараты мен қосалқы нысандарының шатыры жөнделіп, терезелер орнатылып, кәріз жүйесі және су құбырының негізгі желісі жаңартылды. Сондай-ақ кәріз-сорғы стансасы, трансформаторлық қосалқы станса, желдету және жылыту жүйелері орнатылды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар әуежай қызметін қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте қажетті арнайы аэродром техникасын сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде аэродромдық өрт сөндіру көлігі, жылжымалы трап, шағын автобус және аэродромға арналған жанармай құю көлігі сатып алынған.