Қырғызстан энергетика министрлігі елдегі барлық майнинг-ферманың қызметін толық тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл – энергетикалық дағдарыс аясындағы шара, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Шенеуніктердің түсіндіруінше, бұл шешім күз-қыс маусымын тұрақты өткізуге және Тоқтағұл су қоймасындағы аса маңызды су қорын сақтауға бағытталған.
Министрліктің нұсқауы бойынша Ұлттық электр желілері компаниясының мамандары барлық криптовалюта өндіру жабдықтарын өшіріп, есептегіштерді пломбылаған.
Шектеу шаралары энергетикалық жүйедегі жағдай тұрақталғанға дейін, алдын ала болжам бойынша 2026 жылғы көктемге дейін күшінде болады.
ДӘЙЕКСӨЗ
Энергетика министрі Таалайбек Ибраев бұл шешімнің мәжбүрлі түрде қабылданғанын атап өтті.
– Электр энергиясы тапшы кезде ел бойынша барлық майнинг-ферманың қызметін толық тоқтату туралы шешім қабылдадық. Бұл мәселе менің ерекше бақылауымда, – деді Ибраев.
Еске салайық, жақында ғана елде жалпы қуаты 60 МВт болатын екі ірі майнинг-ферма ресми түрде жұмыс істеп келген. Оның бірі «Қамбар-Ата-2» СЭС-інде орналасып, артық генерацияны пайдаланған, ал екіншісі Кемин ауданында Ресейден импортталатын электр энергиясымен жұмыс істеген.