Саяси сарапшы Михаил Нейжмаковтың пікірінше, Қазақстанмен қарым-қатынас тақырыбы Ресейдің белсенді медиа кеңістігінде шеткері қалып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
check-point.kz мәліметінше, Нейжмаковтың айтуынша, Ресейдің көптеген қоғамдық тұлғалары, яғни журналистер, блогерлер, түрлі деңгейдегі депутаттар Қазақстан туралы пікір білдіргенде оны тек Украинадағы соғыс аясында, көбіне сыни тұрғыдан айтады. Сол себепті Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастарда Украинадағыдай дағдарыс тууы мүмкін бе деген мәселе жиі көтеріледі. Мұндай пікірталастарда көбіне кеңестік кезеңге деген ностальгия да алға тартылады.
— Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде Ресей саясаткерлері мен публицистерінің назарында Орталық Азия аймағы Батысқа жақын посткеңестік аумақтар немесе Оңтүстік Кавказ сияқты басым бағыттардың көлеңкесінде қалып келді.
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс аяқталса немесе «тоқтатылса», консервативті көзқарастағы ресейлік спикерлердің посткеңестік кеңістіктің басқа аймақтарына қызығушылығы біршама артуы мүмкін. Бірақ негізгі тақырып Орталық Азия болады деп айту қиын, — дейді сарапшы.