ChatGPT сервисіне шағым көбейді

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Әлем бойынша танымал онлайн-сервистердің жұмысында ақау байқалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әртүрлі елдердегі қолданушылар танымал онлайн-сервистердің жұмысында қиындықтар туындағанын хабарлауда. Олардың қатарында ChatGPT және фильмдерге шолу жасауға арналған Letterboxd платформасы бар.

Біздің елдің қолданушылары ChatGPT сервисіне кіру мүмкін емес екенін айтуда.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, бұл мәселелер басқа елдерде де тіркелген. Сонымен қатар, Spotify және X (бұрынғы Twitter) платформаларында да ақаулар байқалғаны жазылған.

Кейбір басылымдардың нұсқасы бойынша, бұған себеп – Cloudflare бұлтының істен шығуы. Бұл сервис әлем бойынша көптеген сайттар мен қосымшалардың жұмысын қамтамасыз етеді.

Cloudflare компаниясы жүйені қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын нақтылады.

– Cloudflare ішінде өнімділіктің төмендеуі байқалды. Кейбір сервистер уақытша үзіліспен жұмыс істеуі мүмкін. Біз клиенттік қосымшаларға қызмет көрсетуді қалпына келтіру бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз, – делінген компания сайтындағы хабарламада.

ChatGPT – OpenAI компаниясы әзірлеген жасанды интеллект негізіндегі озық чат-бот.

БҰҒАН ДЕЙІН

Журналистердің сұрақтарына жауап берген министр Саясат Нұрбек қазіргі таңда студенттерге жасанды интеллектті белгілі бір шектеулермен қолдануға рұқсат етілгенін айтты. Жасанды интеллект диссертация және басқа да жұмыстарды дайындау барысында, күрделі есептеулер мен ақпаратты өңдеу кезінде пайдалануға болады.