Астанада қаза тапқан фельдшердің күйеуі кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Үстіне кондиционер құлап, қаза тапқан фельдшердің күйеуі кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Ғанибекұлы бұл іске жауаптылар жазалануы қажет екенін айтты. 

- Ешқандай медаль,ешқандай сөздер менін жүрегімнін иесін маған қайтарып бере алмайды. Үйіме нұр, құт, береке әкелген Алла қосқан адал жарымнын тілеуін тілеген барша қазақ еліне алғысым шексіз. Осы уақытқа дейін Алладан жүрегімді аман алып қалуын тілеп,қасында барынша көп болып дұға еттім,сабыр қылып бәрін сабырға салдым. Ендігіде менде талап соттын адал өтуі, тергеудін адал қаралуы, Құдай қосқан қосағымнын жаны тыныш болуы үшін осыны аяғына дейін алып бару керек. Жауаптылар жазасын алу керек!, – дейді Әділет. 

ҚАЗА

Еске салайық, 18 қарашада Астананың денсаулық сақтау басқармасы үстіне кондиционер құлап зардап шеккен фельдшер қаза тапқанын хабарлаған еді. 8 қараша күні Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде қасбеті опырылып, адамдардың үстіне түскен болатын. Ұлдана сол күні жедел жәрдем бригадасымен келіп, үйінді астында қалған адамдарды алып шықпақ болған. Себебі үйінді астынан жылап жатқа баланың да даусы естілген. Сол сәтте фельдшердің үстіне кондиционер құлап түскен еді. Ұлдана бірнеше күн ауруханада жатты.