Жүздеген ата-ана Tesla education оқу орталығынан ақшасын қайтаруды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ата-аналардың бірі әлеуметтік желіде үндеу жасап, көмек сұраған болатын.
- Tesla Education білім беру орталығының алаяқтық схемасына қатысты шағымымды айтқым келеді. Олар 300-ден астам ата-ананы алдады. Мен де солардың қатарындамын. Компания Instagram-дағы таргет жарнама арқылы ата-аналарды тартып, бір-екі жылдық келісімшартқа отырғызады. Көпшілігі бөліп төлеуге келіседі. Менің баламның бір жылдық оқу ақысы 660 мың теңге болды. Бірақ уәде етілген білім сапасы мүлде сәйкес келмеді. Маған олардың оқыту деңгейі ұнамағандықтан әрі баламды алыстан тасып жүру қолайсыз болғандықтан, келісімшартты бұзуға мәжбүр болдым, – дейді ата-ана.
МИНИСТР ЖАУАБЫ
Бұл жайтқа қатысты оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова пікір білдірді. Оның сөзінше, мұндай орталықтар лицензия алмайды. Олар кәсіпкерлік кодекске сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде ескерту қағаз келеді.
- Солай ашыла береді. Ата-аналар таңдауды өздері жасайды. Ата-аналар мен орталық арасындағы құқықтық азаматтық қарым-қатынаста. Олар өздері арнайы заңмен жауап реттеледі. Яғни оқу-ағарту министрлігінің және білім туралы заңның қатысы жоқ, дейді министр.
Жұлдыз Сүлейменованың сөзінше, ата-аналардың өтінішіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталады.