Әмір Омарханов мансабында алғаш рет Тунисте өтіп жатқан ITF M15 сериялы турнирдің жекелей сында финалына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жартылай финалда қазақстандық 52 минутта неміс Мик Петковичті (776 АТР) 6:1, 6:2 есебімен жеңді.
Финалда 18 жастағы Әмір тағы бір неміс теннисшісі Макс Шонхаусқа (824 ATР) қарсы ойнайды.
Ақтық ойын ертең 23 қарашада өтеді.
Еске салайық, бұған дейін АТР рейтингісінде 1115-орындағы Омарханов ширек финалда әлемнің 847-ракеткасы, испаниялық, 23 жастағы Хорхе Планспен кездескенін жазған едік. Екі сетте де 6:4, 6:4 есебі тіркеліп, Әмірдің пайдасына шешілді.