Қазақстанда темекі шегетіндер азайған

Сырым Қаржас
elements.envato.com

Қазақстанда кейінгі жылдары темекі шегетіндер 17,5% азайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан жылдар бойы азаматтарды темекі шегудің зиянынан қорғауға бағытталған кешенді саясатты дәйекті түрде іске асырып келеді. 2006 жылдан бері ДДҰ-ның Темекімен күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының қағидаттарын толықтай ұстанады.

Осы кезеңде ұлттық заңнамаға бірқатар тиімді шаралар енгізілді:

  • 2009 жылдан бастап — қоғамдық орындарда темекі шегуге кезең-кезеңімен тыйым салу, темекі түтінінен азат аймақтарды кеңейту.
  • 2011 жылы — темекі жарнамасына толық тыйым салу, темекі қораптарына графикалық ескертулер енгізу.
  • 2014 жылы — темекі өнімдеріне акциздерді айтарлықтай арттыру, бұл темекінің қолжетімділігін төмендетіп, бюджет кірісін ұлғайтты.
  • 2020 жылы — реттеуді қатаңдату: темекі өнімдерін ашық қоюға тыйым салу, сату жасын 21 жасқа дейін көтеру, насыбай мен снюстерге тыйым енгізу.
  • 2023–2026 жылдары — темекі өнімдеріне акциздерді кезең-кезеңімен көтеру.
  • 2024 жылы — электрондық темекілер мен вейптердің айналымына толық тыйым салу.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, елімізде шылым тарту көрсеткіші 2020 жылы 21,9%-дан биыл 17,5%-ға дейін төмендеді.