Израиль Газаға гуманитарлық көмектің тек үштен бірін жеткізіп отыр

Сырым Қаржас
Фото: AFP

Газа секторына күн сайын гуманитарлық жүк көліктері жеткіліксіз мөлшерде кіріп жатыр: бітім талаптарында көзделген 600 көліктің орнына тәулігіне 200-ге де жетпейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Газадағы Үкіметтік ақпарат орталығының басшысы Исмаил ат-Тавабта хабарлады. Ол тұрғындардың азық-түлік тапшылығына ұшырап, ашығу деңгейі 90 пайыздан асқанын айтты. Ат-Тавабтаның сөзінше, 10 қазандағы келісім Израильге күнделікті азық-түлік, дәрі-дәрмек және ең қажетті заттар тиелген 600 жүк көлігін өткізу міндетін жүктеген. Алайда нақты жеткізіліп жатқан көмектің көлемі тұрақты түрде 200 машинаның да төменінде қалып отыр.

Сонымен қатар, Израиль үйінділерді аршуға және қаза болғандарды іздеуге қажет ауыр техниканың кіргізілуіне әлі де тосқауыл жасап отыр. Бұл құтқарушылардың жұмысын айтарлықтай баяулатып жатыр. Газа өкілі мұны гуманитарлық көмекті әдейі шектеу және жаппай аштық қаупін күшейту әрекеті деп атады.

Ол делдал мемлекеттер мен кепілдік беруші елдерді Израильді бітім талаптарын орындауға мәжбүрлеуге шақырды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Газада тұрғындар бітімге қарамастан жарықсыз отырғаны хабарланған еді.