×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Елордада тұрғын үй аумағында қоқыс жанып кетті

24.09.2021, 19:53
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Баспасөз қызметі

Бүгін елордада жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында рубероид пен жиналған қоқыс жанып кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 қыркүйек күні сағат 19: 35 минутта Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Кенесары көшесі 3А мекенжайында түтін көрінгені туралы келіп түскен хабарлама бойынша шақырту орнына шыққан.

«Өрт сөндірушілер 7 минуттан кейін келген бойда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында алдын ала 50 шаршы метр алаңда рубероид пен жиналған қоқыс жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 19 сағат 49 минутта оқшауланып, 19 сағат 57 минутта сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.  

Серіктес жаңалықтары