ЕАЭО құрамындағы елдер ішінде Қырғызстан биыл тек Қазақстанмен ғана сауда көлемін арттырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қаңтар–қыркүйек айларында Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 1 млрд 222,4 млн долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,3% артық.
Сауда өсімі негізінен импорттың артуына байланысты — Қырғызстанның Қазақстаннан әкелген тауары 29,8% өсіп, 912 млн долларға жеткен. Ал Қырғызстанның Қазақстанға экспорты керісінше 8,4% төмендеп, 310,3 млн доллар болған.
БАСҚА ЕЛДЕР
ЕАЭО-ның қалған елдерімен Қырғызстанның саудасы құлдырауда:
Ресей — минус 13,4%, 2,5 млрд доллар;
Беларусь — минус 2,8%, 91,9 млн доллар;
Армения — минус 2,6%, 1,89 млн доллар.
Есептік кезеңде Қырғызстанның ЕАЭО елдерімен жалпы сауда айналымы 3,85 млрд доллар болды. Бұл өткен жылдан 5,3% төмен.
Соған қарамастан, Қырғызстанның ЕАЭО елдерімен саудасының 66%-ы Ресейге тиесілі.