Екі жаңа партия сайлау басталғанға дейін тіркелуі мүмкін

Ulysmedia

Орталық сайлау комиссиясы бүгін тіркелген барлық саяси партияға Мәжіліс сайлауына қатысуға рұқсат берді. Ведомство өкілдері бұл тізімге тағы да партиялар қосылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

БАҚ өкілдері ОСК брифингінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихатына депутаттарды сайлауға тағы қандай саяси партияларға рұқсат берілуі мүмкін екенін сұрады.

"Қазір екі партияға растайтын құжаттар берілді. Әрі қарай оларға байланысты, 8 ақпанға дейін тіркелсе, тиісті шешім қабылданады. Келесі кезең - съез өткізу. Олар - "Ел тағдыры", "Ұрпақтар жалғастығы" партиялары", - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.