Путин Қырғызстанда үш орыс мектебін ашпақ

Сырым Қаржас
upch.nso.ru

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанда мемлекеттік сапармен жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Путин Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен кездесу барысында 2027 жылы үш бірдей ресей-қырғыз мектебі оқушылар қабылдай бастайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бастама 2023 жылы қолға алынған. Сол кезде Мәскеу Қырғызстанда орыс тілінде білім беретін тоғыз мектеп салу ниетін жариялаған.

Жоспар бойынша жаңа білім беру ошақтары 11 мың оқушыға арналған болады. Оқушылар Ресей мен Қырғызстанның білім стандарттары бойынша оқып, екі аттестат алуға мүмкіндік алады.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Путин Қырғызстанның «Шетелдегі ресейлік мұғалім» бағдарламасына қосылғанын да атап өтті. Қазір бағдарлама аясында 150-ден астам ресейлік мұғалім Қырғызстан мектептерінде жұмыс істеп жүр.

Олар тек орыс тілін ғана емес, физика, математика, география және басқа да пәндерді оқытады. Бағдарлама бүгінде 40 мектепті қамтиды.