57,5 триллион теңге - Қазақстанның сыртқы қарызы қанша

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Парламент Қазақстанның үш жылдық бюджетін түпкілікті бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл – елдің басты қаржылық құжаты. Онда 2026 жылдан 2028 жылға дейінгі кірістер мен шығыстардың негізгі көрсеткіштері жазылған.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ

2026–2028 жылдар аралығында Қазақстанның мемлекеттік қарызы ұлғаяды. Себебі – әлеуметтік және инфрақұрылымдық шығыстарды қаржыландыру қажеттілігі, сондай-ақ инфляциялық қысымды тежеу міндеті.

Алдын ала болжам бойынша мемлекеттік қарыз көлемі:

  • 2026 жыл – 46,4 триллион теңге;
  • 2027 жыл – 52,5 триллион теңге;
  • 2028 жыл – 57,5 триллион теңге.

МЕМЛЕКЕТ АҚШАНЫ ҚАЙДАН АЛАДЫ

Бюджеттің негізгі бөлігі – халық пен бизнестің төлейтін салықтары. Оларды барлығы төлейді: қарапайым азаматтар, кәсіпкерлер, компаниялар.

Мысалы:

  • Сіз жалақы аласыз – оның бір бөлігі салық түрінде бюджетке кетеді;
  • Сіз дүкеннен тауар сатып аласыз – бағасына қосылған қосылған құн салығы (ққс) бар;
  • Кәсіпорындар корпоративтік салық төлейді;
  • Тіпті автокөлік тіркеу немесе пәтер сату кезінде де алым алынады – ол да бюджетке түседі.

Нәтижесінде бюджеттегі барлық қаражаттың шамамен 80 пайызы – салық түсімдері.

Мемлекет осы ақшаны «ортақ қоржынға» жинап, кейін оны зейнетақыға, жәрдемақыларға, мектептердегі білім беруге, медицинаға, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына және басқа да көптеген салаларға бөледі.