Әскерге бармай-ақ әскери билет алуға бола ма

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Борамбаев Қазақстанда заңды түрде әскерге бармай-ақ әскери билет алудың жолын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, Қазақстанда әзірге баламалы әскери қызмет қарастырылмаған.

АНЫҚТАМА

Баламалы әскери қызмет – бұл міндетті әскери борышты атқарудың орнына ұсынылатын мемлекеттік қызмет түрі. Ол діни, моральдық немесе басқа да сенімдеріне байланысты қарулы қақтығыстарға қатыса алмайтын азаматтарға арналған. Мұндай құқық халықаралық нормаларда (мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1948 жылғы Конвенциясында) және көптеген елдердің ұлттық заңнамасында бекітілген.

«Бізде 24 жасқа толғаннан кейін белгілі бір кейінге қалдыру жағдайы немесе денсаулыққа байланысты себептер болса, ресми түрде ақы төлеп, 40 күндік курстан өтіп, әскери билет алуға мүмкіндік бар. Қазір нақты есімде жоқ, шамамен 240 мың теңге... немесе 300 мың теңге көлемінде», – деді Серік Бурамбаев Мәжіліс кулуарында.

Оның сөзінше, бұл үшін әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ, өтінішті онлайн түрде «цифрлық әскери комиссариат» арқылы беруге болады.

«Мысалы, сіз: “Маған әскери билет керек, қызмет етуім қажет” дейсіз. Сол кезде үміткер кезекке тұрады, төлем жасайды және кезегі келгенде қызметтен өтеді», – деп толықтырды министрдің орынбасары.

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

2025 жылдың соңына дейін Қазақстанда 18-27 жас аралығындағы шамамен 22 мың азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады. Биыл алғаш рет шақыру қағаздары тек қолма-қол емес, SMS хабарлама және eGov порталы арқылы да жіберіледі. 

МИТИНГ

10 қарашада Астанада әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингіге шықты. Олар үкіметке бірнеше талдап қойды. Артынша әділдік іздеген аналарды полиция ұстап әкетті