Қостанайлық оқушылар онлайн оқуға көшті

Сырым Қаржас
© Sputnik / Абзал Калиев

Қостанайлық оқушылар 3 желтоқсанға дейін қашықтан оқиды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, күнделікті сырқаттанушылық деңгейіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Қостанай қаласының барлық 37 жалпы білім беретін мектебінде оқу үдерісін 3 желтоқсан, сәрсенбі күнін қоса алғанда, қашықтан оқыту форматын ұзарту туралы шешім қабылданды.

Бұл шешім білім беру процесінің барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Алдағы өзгерістер туралы қосымша хабарланатын болады.