Қазақмыс пен Казцинк сатыла ма? Министрдің жауабы

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев "Казцинк" пен "Қазақмысқа" қатысты тараған ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖЕЛІДЕГІ АҚПАРАТ

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте журналистер БАҚ-та Казцинк акцияларының 70 пайызын қазақстандық құрылыс магнаты Шахмұрат Мұтәліп сатып алғысы келеді деген ақпарат тарағанын, сондай-ақ “Қазақстрой” құрылыс компаниясының иесі Нұрлан Артықбаев та “Қазақмысты” сатып алмақ деген ақпарат барын атап өтті. 

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Министр Нағаспаев бұл ақпараттан хабардар екенін айтты. 

- Регламент бойынша компания ақцияларын ауыстыру үшін министрліктің арнайы рұқсаты қажет. Бізде ведомствоаралық комиссия бар. Ол жұмыс істеп тұр. 2 желтоқсандағы жағдай бойынша “Казцинк”, “Қазақмыс” бойынша ешқандай өтініш түскен жоқ. Бірақ егер сондай өтініш түссе біз міндетті түрде қосымша ақпарат береміз, – дейді министр.