Қазақстанда 200 мың киікті атып тастаған

Сырым Қаржас
Фото: Сәкен Ділдахмет

Қазақстанда 1 шілдеден 30 қарашаға дейін шамамен 196 мың киікті атып тастаған. Оларды ет өңдеу кәсіпорындарына тапсырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Экология министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда Қазақстандағы киік саны рекордтық деңгейге - 4 миллионға жеткен. Ал 2026 жылғы төлден кейін бұл көрсеткіш шамамен 5 миллионға жетпек. Министрлік атылған киіктердің ғылыми ұсыныстарға сәйкес жүргізілгенін алға тартады.

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Қазір елде киік мүйізін белгілеу жобасы іске асырылуда. Бұл жүйе мүйіздің қадағаланып, заңды айналымда болуын қамтамасыз етуге арналған. Жүйе CITES Халықаралық конференциясында қолдау тапқан және Қазақстандық шығу тегіндегі туындылар экспортына салынған шектеулерді кезең-кезеңімен алу негізі ретінде қарастырылуда.