Жаңбыр, қар және көктайғақ: 8 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК 8 желтоқсанда еліміздің ірі қалаларындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана

Қалада бұлтты ауа райы сақталады, кей уақыттарда қар жауады. Бұрқасын және көктайғақ болады. Жел батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де −3…−5 °C шамасында болады.

Алматы

Алматыда көшпелі бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні – 5-10 м/с. Түнгі температура 0…+2 °C, күндіз +3…+5 °C.

Шымкент

Шымкентте де көшпелі бұлт шығады. Кей уақытта жаңбыр және сулы қар түрінде жауын-шашын түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3 °C, күндіз +3…+5 °C.