Мәжіліс «Жол қозғалысы туралы» заңға бірқатар өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Kolesa.kz мәліметінше, енді Қазақстан азаматына тиесілі, бірақ елімізде тіркелмеген әрі уақытша әкелінген көлік «халықаралық қозғалыстағы автомобиль» ретінде танылады. Бұл дегеніміз, шетелде тұрақты тұруға құқығы бар (резиденттік мәртебесі, тұруға рұқсаты немесе ұзақ визасы бар) қазақстандықтар өз елінде шетелдік нөмірлі көлікпен бір жылға дейін жүруге мүмкіндік алады.
ПРОЦЕСС
Заңға түзетулерді Парламент осы қыста қабылдауы тиіс. Алайда жаңа норма бірден емес, алты айдан кейін, нақтырақ айтқанда 2026 жылдың жазынан бастап күшіне енеді.