Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасында пирейлік "Олимпиакосқа" қарсы өтетін матчқа команданың бастапқы құрамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде Лига чемпионатының жалпы кезеңіндегі 6-тур аясындағы ойынға шығатын негізгі 11 ойыншының тізімін ұсынды. Пирей командасы да алаңға бірінші болып шығатын футболшыларын жариялады.
“Қайраттың” құрамы:
Анарбеков, Тапалов, Широбоков, Сорокин, Мата, Байбек, Глейзер, Зария, Рикардиньо, Мрынский, Эдмилсон.
“Олимпиакос” құрамы:
Цолакис, Родиней, Бьянкон, Пирола, Ортега, Эссе, Музакитис, Поденсе, Чикиньо, Мартинш, Эль-Кааби.
Еске салайық, матч бүгін, 9 желтоқсанда, «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 20:30-да басталады. Тікелей трансляцияны Qazaqstan телеарнасынан және оның ресми сайтынан көруге болады.