Қырғыз билігі ресейлік әншінің концертін өткізбей қойды

Сырым Қаржас
meladze.com

Қырғызстан билігі ресейлік әнші Валерий Меладзенің концертін өткізуге рұқсат бермеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Валерий Меладзенің продюсері Павел Радченко Қырғызстанда концерттің не себепті өтпей қалғанын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл шешімнің артында саяси себептер тұр.

— Бұл шешім Ресеймен тығыз қарым-қатынасты сақтау және көпшілік іс-шараларда ықтимал саяси мәлімдемелерге жол бермеу мақсатында қабылданды, — деп келтіреді Радченконың сөзін gazeta.ru.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Валерий Меладзенің өкілдері Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан билігіне кепілдік хат жолдағаны белгілі болған. Әншінің командасы бұл елдердің халқына деген зор құрметі мен сүйіспеншілігін білдіріп, концерт өткізуге рұқсат сұраған. Сонымен қатар, концерт барысында «саяси эксцесстерге» жол берілмейтініне уәде еткен.