Қазақстанда "Тәуелсіздік" есімді бір ғана адам бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде Тәуелсіздік есімді бір ғана адам бар. Ол - Жетісу облысының тұрғыны, 14 жаста.
ЕСІМДЕР
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 2025 жылы жаңа туған нәрестелерге қойылған ең танымал есімдер белгілі болған еді.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан 10 желтоқсанына дейін ұл балалар арасында ең көп қойылған есім – Мұхаммед, ал қыз балалар арасында – Айлин.