Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын қатты жел жұлып әкетуіне байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
«Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы. Қонаев қаласында қатты желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары зақымдануына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланады», — делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.
Мәліметке сәйкес, бұл шешім қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында қабылданбақ.