Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстан Президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.
КЕЛІССӨЗДЕР ТАҚЫРЫБЫ
Мемлекет басшысы ертең Жапония императоры Нарухитомен және Премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді.
Токио көшелерінде Қазақстан мен Жапонияның мемлекеттік тулары ілінген.
СОНЫМЕН ҚАТАР
Қазақстан президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитінің жұмысына қатысады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Биыл тамыз айының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдаған.
«Жапония – Азиядағы біздің сенімді әрі жақын серіктесіміз. Біз Токиомен жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге айрықша мән береміз. Премьер-министр Сигэру Исибаға ыстық ықыласымызды жеткізуіңізді сұраймын. Біз оның Қазақстанға ресми сапарын асыға күтіп, оған қызу дайындалып жатырмыз. Қарым-қатынастарымыз серпінді түрде дамып келеді деп нық сеніммен айтуға болады», – деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Такэси Ивая сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.