Зейнетақы қорындағы артық ақшаны жаңа жылға дейін шығарып алу дұрыс па

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда бірқатар азамат 2026 жылдан бастап өзгеретін жаңа талаптарға дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) қаражатын шешіп алуға асығуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

digitalbusiness.kz дерегінше, 2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы жинағын шешіп алуға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектері өседі. Экономист, экс-банкир Сұлтан Елемесовтің айтуынша, бұл шешім инфляцияның өсуі аясында алдын ала болжанған қадам болған.

Соған қарамастан, сарапшы қазақстандықтарға тіпті БЖЗҚ тарапынан енгізіліп жатқан шектеулер болса да зейнетақыдағы «артық қаражатын» жаппай шығарып алуға асықпауға кеңес береді. 

Еске сала кетейік, соңғы уақытта зейнетақы жинағын офтальмология мен стоматология қызметтеріне пайдалану мүмкіндігі тоқтатылған.

— «Отбасы банк» депозитіне қаражат шығару мәселесі де бар. Ол жерде ақша алты жылға дейін БЖЗҚ-ға қайтарылмай жата алады. Алайда «Отбасы банкінің» депозиті бойынша табыстылық мемлекеттік сыйлықақыны есептегеннің өзінде 6 жылда шамамен 3–4 пайызды ғана құрауы мүмкін, тіпті одан да төмен болуы ықтимал.

Қарапайым тілмен айтқанда, БЖЗҚ-дағы табыстылық әлдеқайда жоғары. Ақша «азайып кетпесін» деп, негізсіз шығарып алудың мәні жоқ — ол БЖЗҚ-да жанып кетпейді, керісінше жұмыс істеп тұр. Меніңше, бұл үрдіс — аса дұрыс стратегия емес, — дейді экономист.