Үстірт қорығында арқарлар видеоға түсіп қалды

Сырым Қаржас
Видео кадры

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ресми Instagram-парақшасында арқарлар бейнеленген видео жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қорықтың мәліметінше, бейнежазба соңғы уақытта ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізілген жабайы табиғатты мониторингтеу кезінде түсірілген. Бақылау барысында қорық қызметкері Үстірт аумағында жүрген арқарлар тобын видеоға түсіруге мүмкіндік алған.

— Арқарлар, алдын ала бағалауға сәйкес, жақсы күйде, — деп атап өтті қорық өкілдері.

Айта кетейік, Үстірт уриалы (үстірт муфлоны, үстірт таулы қошқары) — жұптұяқты, қошқарлар тұқымдасына жататын, ұриалдың бір тармағы. Ол көбіне отырықшы тіршілік етеді, шөлейтті аласа таулар мен жарқабақты аймақтарды мекендейді. Қазақстанда негізінен Үстірт өңірінде таралған.

Бұл жануар Қазақстанның Қызыл кітабына, сондай-ақ Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген.