Алматыда полицейлерге "шабуыл жасаған" 12 адам сотталды

Ulysmedia

Өткен жылы қалада полиция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындау кезінде күш көрсетудің 21 дерегі тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Алматы қалалық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы мәлім етті.

Аталған эпизодтар бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді.

«12 дерек бойынша сот үкімі шығып, кінәлілер ҚР заңнамасына сәйкес лайықты жазасын алды. Ағымдағы жылдың толық емес қаңтар айында Департаменттің тергеу бөлімі 3 қылмыстық іс тіркеп, күдіктілер қамауға алынды. Билік өкілдеріне күш қолданудың әрбір дерегі ерекше бақылауда. Сонымен қатар, билік өкіліне қарсы, қорқыту немесе күш қолдану - қылмыстық жазаланатын әрекеттер болып табылатынын және үш жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске сала кетейік», - деді Алматы қаласы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерік Жұмабай.