Қар мен аяз: 21 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
Ulysmedia

«Қазгидромет» РМК синоптиктері елдің ірі қалаларына арналған 21 желтоқсанға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде –25…–27°С, күндіз –22…–24°С шамасында болады.

Алматыда бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын, негізінен қар түрінде түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Ауа температурасы түнде –2…–4°С, күндіз шамамен +2°С.

Шымкентте көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауып, көктайғақ пен тұман байқалады. Түнде ауа температурасы –4…–6°С-қа дейін төмендеп, күндіз –1…–3°С-қа дейін жылынады.