Алматыда ALT University студенті оқытушыны пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Qumash-қа сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жанжал бағаға қатысты шыққан болуы мүмкін деген болжам бар. Алайда университет өкілдері студенттің басқа кафедрада оқитынын және зардап шеккен оқытушының оған сабақ бермейтінін нақтылады.
– Университетте бізге оның басқа кафедрада оқитыны және жәбірленуші оған сабақ бермейтіні айтылды. Олар бір-бірін жеке танымаған (қазіргі уақытта себептері анықталып жатыр). Топтағы студенттердің сөзінше, жігіт бұрын агрессия танытпаған, сабырлы әрі тұйық мінезді болған, – делінген Qumash хабарламасында.
Құқық қорғау органдары күдіктіні ұстаған. Оқытушы ауруханада тексеруден өтіп, үйіне жіберілген. Университет мәліметінше, жарақаттан өміріне қауіп төнбеген.
Ulysmedia.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы полиция департаментіне ресми сауал жолдады.