Тоқаев Санкт-Петербургке барды

Сырым Қаржас
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президентті «Пулково» халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды.

Айта кетейік, Тоқаев Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.