Қырғызстан экономикалық өсім бойынша Қазақстан мен Ресейді басып озды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
2025 жылы Қырғызстанның жалпы ішкі өнімі 10,2 пайызы құрап, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында көш бастаған. Бұл жөнінде ЕАЭО кеңесінде айтылды.
Биылғы жылдың қаңтар-қараша айларындағы көрсеткіш бойынша, Қазақстанның экономикасы не бәрі 6,4 пайызға өскен.
Еуразиялық экономикалық одақ құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Армения кіреді.