Қазақстанда 20 жылдан бері тұрып келе жатқан украиналық қыз мемлекеттік тілді үйрену туралы алғаш рет терең ойланғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әлеуметтік желілерде тараған видеода Қазақстанда 20 жылдан бері тұратын украин ұлтының өкілі такси жүргізушісімен мемлекеттік тіл туралы әңгімесін баяндайды. Оның айтуынша, ол осы уақыт ішінде қазақ тілінде еркін сөйлей алмағанын мойындаған. Ал жүргізуші сабырмен «ең бастысы — ниет» деп жауап берген.
— Мен қазақ тілін білмеймін және сол үшін ұяламын. Жүргізуші “ бастысы ниетің болса, бәрі болады” деді. Сол сөздерден кейін мен шынымен де қазақ тілін үйрену туралы өте байыппен ойландым. Себебі бұл мен үшін маңызды, бұл — менің өмірімнің, мен тұрып жатқан елдің мәдениетінің бір бөлігі. Өзім украин қызымын, Қазақстанда тұрып жатқаныма 20 жылдан асты. Енді тілді тереңірек меңгергім келеді, түсініп, сөйлегім келеді, — деп бөлісті ол.
Желі қолданушылары қызға мемлекеттік тілді үйренуде сәттілік тіледі. Кейбір қазақстандықтар оған “Ситуативті қазақ тілі” атты өздігінен оқуға арналған құралды ұсынды. Бұл кітаптың авторы — Қанат Тасыбеков.