ДДСҰ коронавирусты емдейтін тағы бір препаратты мақұлдады

Ulysmedia

ДДСҰ ресми түрде регенеронды (касиривимаб және имдевимаб) Covid-19-дың жеңіл жағдайларын немесе антиденелері жоқ ауыр науқастарды емдеуге болатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

БҰҰ-ның ресми сайтының мәліметінше, ДДҰ өндіруші компанияларды антиденелердің синтетикалық комбинациялы регенеронының бағасы жоғары болуы және шектеулі көлемде шығарылып жатқаны туралы мәселені шешуге, сонда-ақ препаратты дұрыс, әрі қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз етуге шақырды.  

Roche Pharmaceutical компаниясымен препаратты төмен бағада өндіру және оны барлық аймақтарда, әсіресе төмен және орташа табысты елдерде әділ тарату бойынша келіссөздер жүргізілуде.

ДДСҰ атап өткендей, коронавирустан емделушілерді препаратпен емдеу кезінде жүргізілген зерттеулер барысында оны қолданудағы қиындықтар анықталған. Осыған байланысты сарапшылар препаратты амбулаториялық негізде жақсы дайындалған персоналға төмен дозада тері астына енгізуді ұсынды.