Қазақстандық Меруерт Бижанова - Oxford University докторантурасында білім алып жүрген жас ғалым, Teaching Fellow атты академиялық лауазымға ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Өз ғылыми зерттеулерімен қатар, ол университет студенттеріне дәріс жүргізетін болады. Бұған дейін Бижанова University of Pennsylvania магистратурасын тәмамдаған. 2025 жылы оған Penn Global Student Citizenship Award табысталды — бұл марапат университет тарапынан шетелдік студенттерге академиялық және қоғамдық өмірге қосқан үлесі үшін беріледі. UPenn тарихында қазақстандықтар бұл сыйлықты бұған дейін алмаған.
КОНТЕКСТ
Меруерт Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебін және Nazarbayev University-ді тәмамдаған соң, оқуын шетелде жалғастырды. АҚШ-та білім алған кезеңінде ол зерттеу жобаларына қатысып, оқытушы ассистенті болып жұмыс істеді және студенттік өзін-өзі басқарумен айналысты. Қазір Оксфордта салыстырмалы және халықаралық білім беру саласы бойынша PhD бағдарламасында оқып жатыр. Teaching Fellow болып тағайындалуы — ғылыми жұмыспен қатар оқу үдерісіне тікелей қатысуды көздейді.