Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді.
Нұрлан Сегізбаев – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды.
Оның «Менің атым Қожа» фильміндегі бейнесі ұлттық киноның символына айналып, кейінгі буын үшін мәңгілік өнеге болып қалды. Ол тек актер ғана емес, сценарист әрі кинодраматург ретінде де қазақ мәдениетіне еңбек сіңірді.
Нұрлан Санжарұлы соңғы жылдары ауырып жүрген. Оған созылмалы обструктивті өкпе ауруының (ХОБЛ) 4-дәрежесі диагнозы қойылған. Бұл дерт тыныс жолдарындағы ауа ағынын шектеп, дем алуды қиындатады. Дәрігерлер биылғы жылдың сәуір айында оның жағдайы ауыр екенін айтып, небәрі бірнеше айы қалғанын мәлімдеген.