Маңғыстау облысында темір жол қауіпсіздік талаптарын орындамаған мердігер мекеме жауапқа тартылды

Сырым Қаржас
Polisia.kz

Маңғыстау облысында темір жол өткелдерін күтіп-ұстаудағы талаптарды орындамаған мердігер мекемеге тиісті шаралар қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің жол және техникалық инспекциясымен Маңғыстау - Қызылтөбе аудандық маңыздағы тас жол арқылы өтетін №119 бағытындағы теміржол өткеліне жүргізілген кешенді тексеру нәтижесінде, бірқатар кемшіліктер анықталып, күтіп-ұстауға жауапты мекемеге жазбаша нұсқама берілді.

Алайда соңғысы жазбаша нұсқаманы орындалмай, жол және техникалық инспекциясымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сот қаулысымен жауапқа тартылды.